"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік Online Mektep 2020» республикалық байқауы

02.11.2020

Назар аударыңыз! 2020 жылдың 5 қарашасында  «Үздік Online Mektep 2020» республикалық байқауы аяқталады. Байқауға қатысып үлгеріңіздер! Байқауға қатысу шарттары төменде, сұрақтар туындаған жағдайда, +7 (707) 944 95 95 байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады.

Байқау қорытындысы Instagram (@bilimland.kz) және Facebook (BILIM Land) желілеріндегі BilimLand парақшаларында ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ анықталады.

Бұл Қазақстанның барлық OnlineMektep платформасына қосылған кез келген мектебіне 15  BilimBook интерактивті панелін ұтып алу үшін ерекше мүмкіндік. Қатысу - ТЕГІН!

Байқауға қатысудың шарттары:

  1. OnlineMektep.org платформасында келесі мәліметтер толық толтырылған болуы қажет:

●        мектептің толық сабақ кестесі (бекітілген пән мұғалімдерімен бірге);

●        сабақ пен үй тапсырмасына баға қойылған журнал;

●        оқушылар мен ұстаздардың ағымдағы (аккаунттар) тізімі.

  1. Facebook әлеуметтік желісіне байқауға қатысу туралы постты мектеп әкімшілігі немесе  мұғалімдер жариялау керек. Пост келесі мәліметтерден тұру қажет:

2.1 Кем дегенде екі скриншот жасалу қажет: толық толтырылған сабақ кестесі (пән мұғалімдерімен бірге), кез келген сыныптың сабақ пен үй тапсырмасына баға қойылған журналы (оқушының аты-жөнін көрсетудің қажеті жоқ);

2.2 Посттың сипаттамасында қатысушының мектебінде қашықтан оқытудың қалай жүріп жатқаны жайлы қысқаша жазып, #OnlineMektep2020 хэштегін жазып, @BILIM Land парақшасын белгілеуі қажет;

2.3 Қатысушы байқау кезінде Facebook-тегі парақшасы ашық болуы керек;

2.4 Facebook-тегі @BILIM Land парақшасына жазылу қажет.

  1. Қатысушы @BILIM Land парақшасында көрсетілген Google формасын міндетті түрде толтырып, байқауға тіркелу қажет.

Байқау Bilim Media Group компаниясының ұйымдастыруымен және демеушілігімен өтуде.

Толығырақ сілтеме бойынша өтіп, біле аласыздар:

https://bilimland.kz/kk/news-articles/news/zdik-online-mektep-2020-respublikalyq-bayqauy-bastaldy

Просмотров: 341


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст