"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Үздік Online Mektep 2020” республикалық байқауының өткізілу ережесі

05.10.2020

 “Үздік Online Mektep 2020” республикалық байқауының өткізілу ережесі

Назар аударыңыз! 2020 жылдың 2 қазанынан бастап 5 қараша аралығында өтетін «Үздік Online Mektep 2020» республикалық байқауы жалғасуда. Бұл Қазақстанның барлық OnlineMektep платформасына қосылған кез келген мектебіне 15  BilimBook Интерактивті панелдерін ұтып алу үшін ерекше мүмкіндік.

Байқау мақсаты: OnlineMektep.org порталында қашықтан оқытудың деңгейі мен сапасын арттыру.

Байқауға қатысудың шарттары:

  1. OnlineMektep.org платформасында келесі мәліметтер толық толтырылған болуы қажет:
  • мектептің толық сабақ кестесі (бекітілген пән мұғалімдерімен бірге);
  • сабақ пен үй тапсырмасына баға қойылған журнал;
  • оқушылар мен ұстаздардың ағымдағы (аккаунттар) тізімі.
  1. Facebook әлеуметтік желісіне байқауға қатысу туралы пост жариялау керек, пост келесі мәліметтерден тұру қажет:

2.1 Кем дегенде екі скриншот жасалу қажет: толық толтырылған сабақ кестесі (пән мұғалімдерімен бірге), кез келген сыныптың сабақ пен үй тапсырмасына баға қойылған журналы (оқушының аты-жөнін көрсетудің қажеті жоқ);

2.2 Посттың сипаттамасында қатысушының мектебінде қашықтан оқытудың қалай жүріп жатқаны жайлы қысқаша жазып, #OnlineMektep2020 хэштегін жазып, @BILIM Land парақшасын белгілеуі қажет;

2.3 Қатысушы байқау кезінде Facebook-тегі парақшасы ашық болуы керек;

2.4 Facebook-тегі @BILIM Land парақшасына жазылу қажет.

  1. Қатысушы @BILIM Land парақшасында көрсетілген Google формасын мінтетті түрде толтырып, байқауға тіркеу қажет.

Жеңімпаздарды анықтау:

Жеңімпаздар ҚР әр облыс бойынша кездейсоқ сандар генераторы көмегімен  анықталады.

Қазақстан Республикасының әр облысынан OnlineMektep.org платформасына қосылған 1 мектеп байқау жеңімпазы болады.

* Жеңімпаздарды анықтағаннан кейін барлық шарттардың орындалуы тексеріледі, егер байқау шарттары орындалмаған немесе толық орындалмаған жағдайда, біз жүлдені табыстамауға және/немесе қайта ойнатуға құқығымыз бар.       

** Қатысушылар саны 1000 мектептен аз болса, байқау мерзімі ұзартылады.

***   Интерактивті панель тек заңды тұлғаға, яғни мектептің атына беріледі.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Байқау туралы барлық сұрақ бойынша қолдау көрсету қызметінің телефонына: +7 (707)944 95 95 немесе электрондық пошта арқылы хабарласуға болады: support@bilimland.kz.

 

Просмотров: 308


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст