"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кәсіптер калейдоскопы» КТК-юниор лигасы

11.03.2017

                        «Кәсіптер калейдоскопы» КТК-юниор лигасы 

Елбасымыз - Н.Ә. Назарбаев: «Қазіргі таңда қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеп, өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру», - дейді. Ал жастарға дұрыс бағыт-бағдар берудің өзегі дұрыс ұйымдастырылған іс-шараларда. Сондай іс-шаралардың бірі жыл сайынғы дәстүрге айналған Көңілді тапқырлар клубының көңілді кештері.  Наурыз айының 9, 10 жұлдызында аудандық мәдениет үйінде «Егіндікөл ауданы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ және «Жастар ресурстық орталығы» ММ-нің ұйымдастыруымен өткізілген шара мақсаты - жастарымыздың ойынға деген   қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін арттырып, іздемпаздық пен тапқырлыққа үйрету болып табылады. Биылғы КТК ойыны «Кәсіптер калейдоскопы» тақырыбында өткізілді. Қазақша КТК лигасының алғашқы күні жалпы 3 топ: «Назар аудар»(Көркем НМ), «Alakol Arlans» (Алакөл ОМ), «Қалай қарайсың» (№1 ЕОМ) қатысты.  Ойын 4 бағдарлама бойынша: сәлемдесу, «Стэм со звездой» мектеп әкімшілігін тарта отырып қойылым қою, бір өлең байқауы және үй тапсырмасынан тұрды. Әр сайыста өнерпаздар өз тапқырлықтарымен ерекшеленіп көрермендердің көңілінен шыға білді. Тартысты өткен фестиваль қорытындысы бойынша  І орын - «Назар аудар»(Көркем НМ), ІІ орын - «Қалай қарайсың» (№1 ЕОМ), ІІІ орын - «Alakol Arlans» (Алакөл ОМ) иеленсе, ең үздік ойыншы номинациясын Көркем НМ оқушысы Өмірзақ Жалғас иеленді. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар кіші кубокпен, сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Орыс тілінде өткізілген КТК ойынына: «УПС-С» (Армавир ОМ), «Жастар kz» (Днепропетровск ОМ), «Новое поколение» ( №2 ЕОМ) өзара сайысқа түсті. Нәтижесінде І орынды -«Новое поколение» ( №2 ЕОМ) иеленсе, ІІ орынды - «Жастар kz» (Днепропетровск ОМ), ІІІ орынды - «УПС-С» (Армавир ОМ) иеленді. Көрермендер көз айымы атанған Тревко Мария мақтау қағазы мен бағалы сыйлықпен марапатталды. Қатысушыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтап, талаптарыңа нұр жаусын дегіміз келеді. Елдік пен Тәуелсіздіктің Киелі көк Туын ХХІ ғасырда асқақтата желбірететін –жастар, сендер боласыңдар! Алдағы уақытта қатысушыларымызға сәттілік тілеп, сапалы қалжыңдар күтеміз!



Просмотров: 609


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст