"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық семинары

26.02.2020

Бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық семинары

      2020 жылдың 25 ақпан күні Көркем негізгі мектебінде бастауыш сынып мұғалімдерінің (қазақ сыныптарында) аудандық семинары өтті.

      Семинар тақырыбы: «Бастауыш сынып пәндерін оқытуда инновациялық әдіс – тәсілдерді қолданудың тиімділігі».

      Семинар мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптарда оқытудың жаңаша әдістерін тиімді қолдану, мұғалімдер шеберлігін жетілдіру, өзара тәжірибе алмасу.

 

     Семинар барысында мектеп психологі Муканова Р.Ж. семинар қатысушыларымен тренинг өткізсе, оқу ісінің меңгерушісі Рахметова Д.И. мектеп жетістіктерімен таныстырды.

    2 -3 сынып оқушыларының «Адай – дара, Абай – дана қазақта» тақырыбында әдебиеттік оқу сабағында Абай атамыздың тақпақтары мен қара сөздерін жатқа айтып, қатысушы ұстаздарды тамсандырды. (Көркем НМ бастауыш сынып мұғалімі Нурмагамбетова А.С.)

    № 1 Егіндікөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейдахмет Жазира 1 сыныпта «Вв дыбысы. Ұлттық ойындар» деген сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар «Вв» дыбысымен танысып, оны жазып үйреніп, «Бүк – шік» ойынын ойнады.

     Рахметова Д.И. 2 – 3 сынып оқушыларымен «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар отбасылары жайлы шығырмашылық жоба жасап келіп қорғады. Оқушылардың отбасына, оның ішінде аналарына деген ерекше сезімдері байқалды.

      Жаңақоныс НМ бастауыш сынып мұғалімі Утебаева Ж.С. 2 сыныпта «1 санымен амалдар қолдану» деген тақырыпта математика сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар 2,3,4,5 сандарының көбейту кестесін қайталап, 1 санымен есептер шығарды.

    Көркем НМ бастауыш сынып мұғалімі Мухамедьярова Ш.Ж. 4 сынып оқушыларымен жаратылыстану сабағынан «Судың еріткіш қасиеті» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар суға әртүрлі заттарды қосу арқылы зертеу жұмыстарын жүргізіп, өз дәлелдерін нақты айта білді.

      Семинардың екінші бөлімінде оқу ісінің меңгерушісі бастауыш сынып оқушыларымен «Мен өз елімнің патриотымын» атты зияткерлік ойын өткізді. Ойын барысында оқушыларға елімізде тойланатын атаулы күндер бойынша сұрақтар қойылды. Оқушылар сұрақтарға белсене жауап берді. Ойын барысында «Ұлан» тобы жеңіске жетті.

    Семинар қорытындысы ретінде Жарқынбекова Ж.О. «Тиімді әдіс – тәсілдер сапалы сабақ кепілі» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында мұғалімдердің сабақтарына кері байланыс берілді.

    

   

 

Просмотров: 690


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст