"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"JasSkills Aqmola-2023"облыстық чемпионаты

02.05.2023

 

Ағымдағы жылдың 25-28 сәуір аралығында Көкшетау қаласында "JasSkills Aqmola-2023"облыстық чемпионаты өтті.

"WorldSkillsKazakhstan" стандарттары бойынша "jasskills Aqmola" облыстық чемпионаты ерте кәсіптік бағдарлау моделін және білім алушыларды кәсіптік даярлау негіздерін құру жөніндегі бірегей жоба болып табылады. Жоба WorldSkills қозғалыс құралдарының негізінде ерте кәсіптік бағдарлау және оқушылардың заманауи және болашақ кәсіби құзыреттіліктерін игеру үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Ұйымдастырушысы "Bolashaq saraiy" балалар мен жасөспірімдер сарайы болып табылатын "JasSkills Aqmola" чемпионаты облыста екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Егіндікөл ауданы чемпионатқа «Ақмола облысы білім басқармасының  Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушысы Уай Нұрмұхан және сарапшы Кеңбейлов Жәнібек Мақсатұлы  информатика пәнінің мұғалімі "бизнеске арналған IT шешімдер"номинациясы бойынша қатысты. Оқушы жүлделі 3 орынға ие болды, дипломмен және сертификатпен марапатталды. Чемпионат жеңімпазын құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!!!

Просмотров: 187


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст