"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша нәтижеге бағытталған тиімді әдістер»

22.11.2019

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша нәтижеге бағытталған тиімді әдістер»

 

      2019 жылдың  22 қараша күні Жанақоныс НМ гуманитарлық пәндер (қазақ сыныптарында)  мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті. Семинарға ауданымыздың 4 мектебінен (Алакөл ОМ, Көркем НМ, Ушаков ОМ, № 1 Егіндікөл ОМ) 15 мұғалім қатысты.

      Семинар барысында мектеп тынысымен танысып, ұстаздар ұсынған  ашық сабақтар өтті.

    Сауат ашу пәнінен 1 сыныпта «Қ дыбысы мен әрпі. Менің отбасым» атты сабақ өтті. Сабақ барысында Куанышбекова М.А. оқушылардың қызығушылығын танытып, сабаққа қатысты практикалық жұмыстар жасады.

     № 1 Егіндікөл орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Балшых Ақмарал 7 сыныпта «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы» атты сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар Сүйінбай мен Қатаған жыраудың айтысын тыңдап, талдау жасады.

    Алшинбаева Н.Е. 3-4 біріктірілген сыныбындағы «Заттар қандай болады?»  деген сабағы арқылы біріктірілген сыныпта сабақ берудің ерекшеліктерін шебер көрсете білді. Мұғалім екі сыныппен тапсырмалар орындап, тәжірибелік жұмыс жасады.

    Ушаков ОМ тарих пәні мұғалімі Шойбеков М.Д. 9 сыныптағы «1920 – 1930 жылдардағы саяси репресиялар» тақырыбы бойынша, оқушыларға Алжир лагері туралы видео көрсетіп, «Бесеудің хатының» мәтінімен жұмыс жасады.

     Алакөл ОМ ағылшын тілі пән мұғалімі Ашимов А.С. 2 сыныптағы «Scool dames» атты сабақ өтті. Мұғалім сабақ басынан ақ оқушыларды өзіне баурап алып, қызығушылықтарын оята білді. Сабақта қолданған әр тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған.

      Семинар қорытындысы бойынша ұстаздарға кері байланыс беріліп, сабақтарына талдау жасалды, ұсыныстар айтылды.

 

  

   

Просмотров: 467


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст