"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Түркістан қаласында география мұғалімдерінің республикалық съезі өтті.

11.04.2022
2022 жылғы 9 сәуірде Түркістан қаласы Қожа Ахмет Яссауи университетінің алаңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың қатысуымен география пәні мұғалімдерінің республикалық съезі өтті.
Форум тақырыбы: географиялық білім берудегі заманауи көзқарастар мен тәсілдер.
Ақмола облысынан 21 педагог қатысты. Ауданымыздың атынан Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі Хисматуллина Надежда Ильшатовна қатысты.
Съезд жұмысы барысында географиялық білім берудің өзекті мәселелері: МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу жетістіктерін бағалау, қорытынды аттестаттау, ғылыми жобалау қызметі, география мұғалімдерін даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері көтерілді.
Секциялар жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды, олар одан әрі пленарлық отырыста айтылды.
Просмотров: 312


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст