"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Егіндікөл ауданының мектептері арасындағы баскетбол жарысы.

14.02.2022
⚜️ "Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік орталығы" КММ негізгі іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 10 ақпанда Егіндікөл ауылы №2 жалпы білім беретін мектеп базасында баскетболдан ұлттық Мектеп лигасы бағдарламасында, Егіндікөл ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында жарыс өтті..
Жарысқа Егіндікөл ауданы мектептерінің 4 командасынан 35 қатысушы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын: Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі;
2 орын: Полтавское ауылының жалпы білім беретін мектебі;
3 орын: Қоржынкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі.
​Үздік шабуылшы Константин Бутрамьев( Егіндікөл ауылы), турнирдің үздік сұрмергені болып Ғабит Сайлаубаев (Полтавское ауылы) танылды.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен, медальдармен және командалық сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Облыстық жарыстарда баскетболдың "Мектеп лигасында" табысты өнер көрсетулеріне тілектеспіз!
Просмотров: 270


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст