"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

⚜️2021 жылдың 11 қараша күні III республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының облыстық кезеңі онлайн түрде өтті.

11.11.2021
Іс-шараны облыстық «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру аясында ұйымдастырды.
Байқаудың негізгі мақсаты - оқушыларды кітап оқуға, жан-жақты ізденуге, әсіресе, би-шешен, ақын-жыраулардың шығармашылығын оқып, одан терең ғибрат алып, өмірде қолдануға бағыттау.
Байқауға Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Егіндікөл, Целиноград, Шортанды аудандары мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 15 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Егіндікөл ауданы Көркем ауылы негізгі орта мектебінің 9 сынып оқушысы Шүкір Даяна жүлделі 1 орынға ие болды. Білім бөлімі атынан мектептің ұжымына және ата-анасына алғыс білдіреміз!
Просмотров: 259


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст