"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Егіндікөл ауданының мектептеріндегі жөндеу жұмыстары

28.09.2021
2021 жылы Егіндікөл ауданының мектептерін жөндеу үшін облыстық бюджеттен 30723,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.
Жалпы сомасы 7 жоба. 18216,4 мың теңге сомаға шарттар жасалды.
Егіндікөл ауылының № 1 жалпы білім беретін мектебінде спортзалға жөндеу, ғимараттың жертөлесі мен алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қоржынкөл ауылының жалпы білім беретін мектебінде ғимараттың шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Спиридоновка ауылының жалпы білім беретін мектебінде ғимараттың спортзалындағы еден жабынына ағымдағы жөндеу, ғимараттың 1-ші қабатының дәлізі мен вестибюльіндегі еден жабынына ағымдағы жөндеу, ғимарат цоколына ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Бауман ауылының жалпы білім беретін мектебінде унитаз раковиналарын ауыстыра отырып, санитариялық торапты жөндеу және мүгедектерге арналған тұтқалар орнату.
Кепілдік міндеттемелер шеңберінде Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінің қасбетін ішінара бояу және шатырына ішінара жөндеу жүргізілді.
Сонымен қатар, барлық мектептерде косметикалық жөндеу, ақтау, сырлау жұмыстары жүргізілді.
Органикалық дене мүмкіндіктері бар адамдар үшін бейімдеу іс-шаралары шеңберінде ауданның үш мектебінде Егіндікөл ауылының №1, №2 мектептерінде және Бауман ауылының мектебінде бейімдеу жөніндегі комиссияның ескертулерін жою бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде: Бауман ауылының мектебінде пандустың нормативтерге сәйкес келмеуіне байланысты оны бөлшектеу жүргізілді және механикалық көтергіш орнатылды. Егіндікөл ауылының №1 мектебінде пандусқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, санитарлық тораптағы есік жақтауы ауыстырылды. Егіндікөл ауылының №2 мектебінде пандус тұтқаларын кеңейту және нормативке жеткізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.
Бұл мектептерге тактильді плиталар, сондай-ақ мектептердің "Брайль" қарпі бар маңдайшалары мен 614,0 мың теңге сомасында көрсеткіштер жеткізу күтілуде.
Просмотров: 250


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст