"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық президенттік олимпиадасы

16.09.2021

2021 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 10:00-12:00 аралығында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі ZOOM платформасында онлайн форматта өтті.
Олимпиаданың мақсаты:
1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіптік бағдарлануы үшін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады.
2) оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен дағдыларды тереңдету.
3) тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына және өзін-өзі дамытуына жәрдемдесу.
Президенттік олимпиадаға 11 сыныптың 3 оқушысы "Алтын белгі" белгісіне және №1 жалпы білім беретін мектептің және №2 жалпы білім беретін мектептің үздік аттестатына үміткерлері қатысты.
Президенттік олимпиаданың әр қатысушысы математика,биология,химия,физика пәндерінен тапсырмаларды орындады. Облыстық кезеңде Жұмажан Алмаз Жасұланұлы, Абашева Эльвира Нусрадиновна, Матвиенко Дарья Владимировнаға сәттілік тілейміз.

Просмотров: 254


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст