"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру " мемлекеттік қызметін алу үшін ақпарат"

28.07.2021

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру " мемлекеттік қызметін алу үшін ақпарат"
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы-облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 30 (отыз) минут.
Көрсету нысаны-электрондық (толық автоматтандырылған)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері – тегін
Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Құжаттар тізімі - белгіленген нысандағы өтініш.

Просмотров: 200


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст