"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жазғы мектеп»

24.05.2021

      "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім беру бөлімі" ММ-нің 2021 жылғы 12 мамырдағы "2020-2021 оқу жылының аяқталу және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдерін бекіту туралы" №38 бұйрығының                4-тармағы негізінде 26 мамырдан 19 маусымға дейін ауданның барлық мектептерінде "Жазғы мектептер"жұмыс істейді.

      "Жазғы мектеп" - барлық тілек білдірген білім алушылар үшін ата-аналардың өтініші бойынша оқыту сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жұмыс жасайды.

     "Жазғы Мектепте" 294 оқушы білім алып, 93 мұғалім сабақ береді.

     Қазіргі уақытта мектептер ата-аналардан өтініштер қабылдап, сыныптар анықталды, оқушылардың тізімі жасалды, сабақ кестесі құрылды, пән мұғалімдері күрделі тақырыптарға талдау жүргізіп, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар жасалды.

    "Жазғы Мектепте" үйге тапсырмалар берілмейді. Мұғалім сабақ түрін өзі анықтайды (оқу сабақтары, жобалық қызмет, зерттеулер, зертханалық жұмыстар, таза ауадағы сабақтар).

Просмотров: 235


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст