Құрметті түлектер, ардақты ұстаздар мен ата-аналар!
Сіздерді мектеп өміріндегі ерекше әрі толғанысқа толы мереке — Соңғы қоңырау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – түлектер үшін жаңа өмірге бастайтын маңызды қадам. Алдарыңызда үлкен мүмкіндіктер мен сан тарау жолдар тұр. Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын! Сіздерге сәттілік пен жарқын болашақ тілеймін!
Құрметті ұстаздар! Сіздердің білім мен тәрбие берудегі ерен еңбектеріңізге алғысым шексіз. Ұстаздардың қажырлы еңбегінің арқасында біз білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиеледік. Шәкірттеріңіздің әр жетістігі – сіздердің жеңістеріңіз!
Қадірлі ата-аналар! Балаларыңыздың осы күнге жету жолында көрсеткен қолдауларыңыз бен сабырларыңызға алғыс айтамыз. Бұл қуаныш – сіздер үшін де зор мәртебе.
Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, бейбіт өмір тілеймін! Соңғы қоңырау әр жүректе жарқын естелік болып сақталып, болашаққа жол ашатын шуақты сәтке айналсын!
Ізгі тілекпен,
Егіндікөл ауданы білім бөлімінің басшысы
Каратаев Турар Батыргалиевич