"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Егіндікөл ауданының білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы және террористік шабуыл немесе төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-әрекеттері туралы ақпарат.

14.05.2021

Егіндікөл ауданының білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы және террористік шабуыл немесе төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-әрекеттері туралы ақпарат.

Ресей Федерациясының Қазан қаласында болған оқиғаларға байланысты Егіндікөл ауданының мектептерінде білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша жұмыс жалғасуда.
Ауданның барлық мектептерінде және "Балбөбек" балабақшасында бейнебақылау жүйелері орнатылды, сыртқы және ішкі бейнебақылау камералары орнатылды және жалпы дисплейге шығарылды.
Террористік тұрғыдан осал объектілерде (ТТО) 2017 жылы Егіндікөл ауылының №1, №2 жалпы білім беретін мектептерінде және "Балбөбек" балабақшасында қоршау ауыстырылды.
Аудан орталығының мектептерінде физикалық күзетті жүзеге асыру үшін күзет фирмасымен жыл сайын шарттар жасалады, ауыл мектептерінде күзетті күндізгі уақытта мектеп вахтерлері, түнде күзетші жүзеге асырады.
Барлық білім беру ұйымдарының басшыларына терроризмге қарсы қорғау бойынша міндеттер туралы нұсқау берілді.
Ауданның барлық мектептерінде терроризмге қарсы қорғау бойынша нұсқаулық журналдары бар, онда балалардың қауіпсіздігіне жауап беретін барлық қызметкерлер қол қойғызып танысқан.
Ұйым басшыларына террорлық әрекеттер кезіндегі тәртіп ережелері бойынша оқушылармен және педагогикалық ұжыммен сабақтарды жалғастыру туралы тапсырма берілді.
Барлық оқу орындарына террористік актілер кезіндегі мінез-құлық ережелері бойынша жадынамалар мен инфографикалар жолданды, олар сайттарда және ақпараттық стенділерде көрнекті жерде орналастырылды.
2021 жылы 4 мектептің кіреберістеріне турникеттер, 2022 жылы қалған 5 мектепке турникеттер орнатылады.

Просмотров: 255


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст