2025 жылғы 25 сәуірде Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен "Жас ұрпақ" қоғамдық бірлестігінің қызметі аясында Егіндікөл ауданының прокуроры Азамат Мұратұлы Аяғановтың, Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Тұрар Батырғалиұлы Қаратаевтың, Егіндікөл ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Қайрат Қайырұлы Капышевтің және Егіндікөл ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әубәкіров Нұрсаин Хасенұлы қатысуымен Егіндікөл ауданының 8-11 сынып оқушыларымен бірінші отырыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – құқықтық мәдениетті арттыру, жастардың азаматтық белсенділігін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Кездесу барысында қарастырылған тақырыптар:
-құқықтық тәрбие негіздері және заңдарды сақтау маңыздылығы;
-оқушылардың іс-әрекеттері үшін жауапкершілігі;
-құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктері;
- жастардың қоғамдағы рөлі мен құқықтық тәртіпті нығайтудағы үлесі;
- патриотизм, еңбекқорлық және аға буынға құрмет көрсету.
Оқушылар мемлекеттік органдар өкілдерімен ашық диалог орнатып, көкейдегі сұрақтарын қойып, құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершілікке қатысты маңызды ақпарат алды.
Кездесу достық, сенімді және өзара құрметке негізделген атмосферада өтті. Шара қатысушыларға жағымды әсер қалдырып, жастар үшін пайдалы әрі мағыналы кездесу болды.