"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің қорытындысы

15.02.2021

      8 – 11 ақпан аралығында аудан көлемінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.

     Аудандық кезеңге қатысуға 8 мектептен 49 оқушы өтініш білдірді. 49 оқушының 7 оқушысы денсаулығына байланысты олимпиадаға қатыса алмады.

     Оқушылар олимпиадаға ZOOM платформасы арқылы қосылып, тапсырмаларды ro.daryn.kz сайтында орындады. Орындалған тапсырмалар білім бөліміне тапсырылып, әділқазылар алқасына жолданды. Оқушылардың жұмыстарын тексеруге 27 мұғалім жұмыс жасады.

   4 күндік жарыс барсысында аудан бойынша жалпы 19 жүлделі орын анықталды.

3 бірінші орын

6 екінші орын

10 үшінші орын

       Математика және физика пәндері бойынша жүлделі орындар болған жоқ.

Бірінші орын алған үш оқушы:

  • қазақ тілі пәні бойынша Егіндікөл ауылының  № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Серікбол Әсел (мұғалімі Алиякбарова А.С.)
  • орыс тілі пәні бойынша Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Артемьева Алена (мұғалімі Нурумова Е.Н.)
  • өзін – өзі тану пәні бойынша Егіндікөл ауылының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Абашева Элбвира (мұғалімі Вавшко Т.В.) облыстық кезеңге дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Оқушыларымызға сәттілік тілейміз.

Просмотров: 260


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст