"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл дарыны» аудандық байқауы

12.02.2021

«Тіл дарыны» аудандық байқауы

«Тіл дарыны – 2021» жалпы білім беретін мекемелерінің 8-11 сынып  оқушылары арасындағы 3 ақпан күні аудандық байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

- Үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау. Іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді меңгеру деңгейін анықтау. Үштілділікті насихаттау;

- Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру; тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру; жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбилеу; тіл мәдениетін жетілдіру.

- Оқушылардың үш тілде оқып- үйренуіне ықпал жасау және оларды ынталандыру.

Байқау 8  тапсырмадан тұрады:

1.  «Полиглот» - қазақша мақал-мәтелдерді соңғы бір сөзбен толықтырып, сол сөздің орыс және ағылшын тілдерінде аудармасын беру;

2.  «Мәдениеттаным» - қазақ халқының салт- дәстүрі, діні мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру;

3.  «Ұлттаным» - қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі  сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру;

4.  «Тең шарттарда диалог» - белгілі бір тақырыпта диалог құрастыру(8-10 сөйлем);

5.  «Түйіндеме» - өмірбаянын үш тілде  айту (15 сөйлемге дейін);

6.   «Ең үздік мәнерлеп оқушы» - 3 тілде кез-келген өлең жолдарынан үзінді оқу;

7.   «Экскурсия жетекшісі» - өз елі туралы 3 тілде қысқаша мәлімет жасау;

8.  «Жас ақын» - 3 тілде қызықты ертегі құрастыру;

Үміткерлер өнерін бағалау кезінде: тілдерді меңгеру деңгейі; жауаптың толық берілуі мен сапасы; жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі ; үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза  сөйлеуі; сахналық мәдениеті ескерілді.

«Тіл дарыны» жалпы білім беретін мекемелерінің 8-11 сынып  оқушылары арасындағы аудандық байқауына 3 мектептен Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі, Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі, Полтавск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі) 6 оқушы қатысты. Байқаудың облыстық кезеңінде Егіндікөл ауданынан Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінен оқушылар қатысады . Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Просмотров: 294


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст